ЖАЗА МЕРЗІМІН ӨТЕУШІЛЕР «ҚҰНАНБАЙ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ
2017 жылғы 17 тамызда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің сауықжайында мекемедегі жаза мерзімін өтеуші сотталғандарға мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімі және Қызылорда облыстық халық шаруашылығын дамыту және продюсерлік орталығының маманы Маханова Салтанат Әбдімәлікқызының ұйымдастыруымен жеңілдетілген жағдайдың №1, 2 және 3-ші жасақтары арасында «Құнанбай» атты тарихи фильм көрсетілді. Көркем фильмде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңі қамтылып, ел билеу ісі мен ағайын арасын жарастыру, руаралық татулықты сақтап тұру секілді қиын да жауапты қызметте Құнанбай қажының әділдігі мен тапқырлығы ашық көрсетілген.
ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбетін бейнелейтін көркемфильмді мекемедегі жаза мерзімін өтеуші 112 сотталған асқан қызығушылықпен тамашалады.
ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің бастығы
әділет майоры С.Ким