МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Арал аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовтің төрағалығымен аудан әкімінің мәжіліс залында мемлекеттік және бюджеттік қызметшілер үшін құқықтық оқыту семинары өтті.
Семинарға аудандық дербес бөлімдер және қала, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының тиісті мамандары мен есепшілері қатысты.
Семинардың күн тәртібінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде енгізу туралы, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы қаржылық операцияларды уақытылы және сапалы рәсімдеудің жүргізілуі туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының талаптарын түсіндіру тақырыптарында сала мамандары баяндама жасады.
Кездесу барысында құқықтық актілер туралы заңнама жиынтығы қамтылған ақпараттық кітапшалар таратылып, қойылған сұрақтарға өз мәнінде жауаптар берілді.