ҚЫЗЫЛОРДАДА БӨЛШЕК САУДА АЙНАЛЫМЫ 138,4 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Қызылорда облысында 2017 жылдың қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда айналымы 138,4 млрд. теңгені құрады, 2016 жылдың тиісті кезеңіне 103,9 пайыз. Көтерме сауда 75,4 млрд. теңгені құрап отыр.
Қызылорда облыстық статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Мариям Баекеева хабарлауынша осы жылдың қаңтар-мамырында Қызылорда облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара саудасы 21,6 млн АҚШ долларын құраған. Барлық экспорт көлемі Ресей Федерациясымен және Қырғызстан Республикасымен. Экспорт құрылымының басым бөлігін, ас тұзы мен басқа техникалық тұздар 57,0 пайыз, күріш 31,2 пайыз, табиғи құм 8 пайыз және балық 3,6 пайыз құрап отыр.
- Жыл басынан Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (34,1%) әкелінді, - дейді департамент басшысы.