ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің алаңында полиция қызметкерлеріне арналып «Экстремалды жағдайларға Ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіби-психологиялық дайындау» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг департаменттің психолог-мамандарының жетекшілігімен жүргізілді. Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің экстремалды жағдайларға психологиялық тұрғыда дайын болуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, қызметкерлерді ортақ мақсатқа біріктіруге, кикілжің жағдайларда сабырлық сақтай білуге дағдыландыру болып табылады.
Қызметкерлермен өткізілген тренинг барысында көптеген жаттығулар, ойын элементтері аралас тапсырмалар қолданылды. Бұл ұжымның бір мақсат, бір көзқараста жұмыс жүргізуіне ықпал ететіні сөзсіз. Тренинг бір-бірімен сәлемдесу ойынын жүргізумен басталып, «Жылы лебіз», «Қызыл алаша», «Ұшақтағы қылмыскер», «Өрмекші торы», «Кері байланыс» тренингтерін жүргізумен жалғасын тапты. Бұл психологиялық тренингтер өзін-өзі бағалауды үйретуге, қарым-қатынаста тепе-теңдікті сақтауға, байқампаздықты дамытуға, қасындағы жолдасына жауапкершілікпен қарауға, бір-біріне сенімді болуға, қатысушылардың ұйымшылдығын және бір-біріне деген қарым-қатынасын сақтауға бағытталды.
Тренинг соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қорытындылары бірігіп тұжырымдалды. Қатысушы қызметкерлер шарадан өте жақсы әсер алып, тренинг олардың күткендерінен асып түскендігін жеткізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі