ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ
16-22 тамыз аралығында футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде.
Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып жатқан турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысып жатыр.
Кеше жарыстың екінші күні төртінші мач «Локомотив» стадионында өтті. Онда Шымкент – Арал 4:1, Тараз – Қармақшы 3:0, Локомотив – Қайсар 0:5, ОСБЖСМОР№6 – Қазалы 1:0 есебімен ойын өрнегін көрсетті.
Турнирдің басталуы 16 тамыз сағат 9.00-де, салтанатты ашылуы 11.00-де «Локомотив» стадионында.
Жарыстың бас бапкері Серік Жаппасбаевтың хабарлауынша бүгінгі ойын Қазалы мен Қармақшы командаларының арасында өтті. Кездесуде есеп ашылмады.