АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРНАЙЫ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ысқақовтың 2017 жылғы 2 тамыздағы «Қызылорда қаласы мен аудандардың аумағында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығудың іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығы» бекітілген болатын.
Нұсқаулыққа сәйкес жақында Қармақшы ауданында Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері капитан А.Тоғызбаев пен Төтенше жағдайлардың жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Ә. Марданов оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметінің, арнайы техникалардың дайындығы мен инертті материалдардың нақты көлемдері түгенделіп, олардың Қармақшы ауданындағы қауіпті учаскелеріне шоғырландырылуы тексерілді. Осындай командалық-штабтық оқу-жаттығудың іс-шаралары Арал, Казалы аудандарында да өтті. Аталмыш оқу-жаттығуға 379 адам мен 111 техника жұмылдырылды, делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.