АРАЛДА БІРНЕШЕ ЕЛДІ МЕКЕН ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОСЫЛДЫ
«Аctiv» компаниясы Арал ауданына қарасты Қарашалаң елді мекеніндегі «Қазтелерадио» АҚ-ның 60 метрлік телемұнарасына ұялы байланыс құрылғысын орнатты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда Бөген, Қаратерең, Жаңақұрылыс ауылдық округтерінің тұрғындары ұялы байланыс қызметін пайдалануда. Ауыл тұрғындары осындай игі шаралардың атқарылып жатқандығына ризашылықтарын білдіруде.
Сонымен қатар, «Кар – Тел» ЖШС-ның «Билайн» маркасы Бөген елді мекенінен аукцион арқылы жер телімін алған болатын, телемұнара құру жұмыстарын бастады, бірнеше күнде құрылғысы іске қосылатын болады. Аталмыш округтегі 1650 тұрғын «Аctiv» байланыс қызметімен қатар «Билайн» ұялы байланыс қызметін пайдалануға мүмкіндік алады