ШЕБЕР ҚОЛ ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады», деген тұстары аталмыш жобаның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын аңғартып тұр.
Аудандағы «100 жаңа есім» жобасына лайықты деп танылған Өркен Ерғалиұлы Жаңақорғанның тумасы. Оның бойындағы талантын алғаш ұстазы Афраил Юсупов аңғарған. Ол мектеп табалдырығында жүріп түрлі шараларға қатысып, сурет салып, саз-балшықтан мүсіндер жасаумен айналысады. Ұстазы шәкіртінің талантының одан әрі шыңдалуына жәрдемдесіп, әрбір туындысын тірілтіп, өнерінің өркендеуіне қол ұшын созған. Мектеп бітірген соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжіне түсіп, «Техник-программист» мамандығын алған Өркен одан әрі Петропавл қаласындағы әскери горнизонда жүргенінде де кәсібінен қол үзбей, қатарынан қара озып шығып, «Ішкі әскер күні» мерекесіне орай алғыс хатымен марапатталған.
– Әскерден келген соң «Екі қолға бір күрек» деп, түрлі салада жұмыс жасадым. Осыдан бірнеше жыл бұрын бойымдағы дарынды жаңғыртып, гипстен әртүрлі мүсіндерді, ою-өрнектерді жасауды қайта қолға алдым. Негізі, менің бойымдағы дарынның жарыққа шығуына ұстазым Афраил ағайдың ықпалы басым болды. Бейнелеу өнері мен, мүсіндеудің қыр-сырын сол кісіден үйрендім. Бастапқыда тек сурет салатынмын, кейіннен саз-балшықтан мүсіндер жасадым. Ең алғаш сол ұстазымның мүсінін жасағанмын, – дейді Өркен ағынан жарылып.
Жалпы облыста гипсті нақышына келтіріп, одан сан-алуан дүниелер жасайтын ұсталар санаулы ғана. Солардың бірі – біздің жерлесіміз. Оның туындылары ауданда ғана емес, облыста да сұранысқа ие. Заманауи техника қарыштаған уақытта Өркен де бұрынғыша сазды қолмен илемей, түрлі формадағы қалыптармен жұмыс жасайды екен.
– Қазір гипспен жұмыс жасау дамып келе жатқан саланың бірі. Бастапқыда қалыптарды Ташкенттен әкелетінмін, кейіннен түрлі қалыпты өзім жасап үйрендім. Көбіне тапсырыс ауданнан емес, сырттан көп түседі. Аудан халқының сұрайтыны көбіне өрнектелген терезе жақтаулары. Әзірге ауданға жасаған ең үлкен туындым Хорасан Ата көшесінде тұрған үлкен екі құмыра ғана.
Дегенмен, алдағы уақытта тапсырыс түсіп, халық сұрап жатса кез-келген мүсінді жасауға дайынмын. Сонымен қатар, жақында Қызылордада салынып жатқан «Жаңа қаланың» кіре берісіне өз жобамды ұсындым. Ол жобаны Ұлттық компания «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қолдап отыр, — дейді жас кәсіпкер.
Иә, ермек сазды ермек етіп, мүсіндеудің сан-қиын үйреніп, ұсталықты жанына серік еткен Өркен қазір өзімен қоса төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол отбасында жары Нұрила екеуі екі перзентті дүниеге әкелген, ал ізінен ерген үш бауырына ол екеуі әке орнына әке, ана орнына ана ретінде бас-көз болып отырған жайы бар.
Жанын салып еңбек еткеннің жұлдызы жана түсетініне Өркеннің өнегелі жолы дәлел. Ол осы еңбекке араласқан алғашқы қадамынан бастап құзырлы орындардың да назарына ілігіп, мемлекеттік биік марапаттарды иемденіп жүр. Мәселен, облыс әкімінің «Кәсібінің үздігі» дипломымен, «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты жас кәсіпкерлер номинациясымен, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.