ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кеше Қызылорда облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары С. Сүлейменовтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы болып өтті. Аталмыш отырыс барлық аудан әкімдері мен облыстық әкімшіліктің басқарма және бөлім басшылары және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен селекторлық режимде өтті.
Күн тәртібі бойынша 2 мәселе қаралды:
1. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатындағы күзде өткізілетін іс-шараларды жүргізу туралы. Бұл жөнінде Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда филиалының директоры Қалиева Фарида Ыдырысқызы баяндама жасады.
2. Облыс аумағындағы Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттерінің жағдайы және оны нығайту жөнінде. Осы төңіректе облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов бяндады.
Отырысқа Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі облыстық комиссияның, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жөніндегі жұмысшы топтың мүшелері және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Олардың баяндамаларынан соң аудан әкімдері тындалды. Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары бұл бағытта бұдан әрі жұмысты жалғастыру үшін нақты тапсырмалар беріп, ол жөнінде хаттамаға енгізілді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы