ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер органының құрылған күніне орай облыстың құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Турнирге Қызылорда облысының ішкі істер департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2019 әскери бөлімі, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ұлттық Ұлан гвардиясының №5547 әскери бөлімі, ҚР ҚМ №66597 әскери бөлімі, 10216-Д әскери бөлімі, ҚР ІІМ Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы, Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысы Прокуратурасы және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командалары қатысты.
Аяқ доптан облыстың мықты командалары қатысқан бұл додада І орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жеңіп алды. ІІ жүлдеге ие болған Ұлттық Ұлан гвардиясының №5547 әскери бөлімі, ал ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2019 әскери бөлімі - ІІІ орында.
Жеңімпаз команданың қақпашысы – Экономикалық тергеу қызметінің офицері Берік Болатов – турнирдің «Үздік қақпашысы» атағын иемденді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірінші, екінші, үшінші дәрежелі кубоктармен бірге бағалы сыйлықтармен марапатталды.