ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ БИІГІНЕН КӨРІНДІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 3 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Бұл туралы департаменттің түсіндіру жұмыстары басқармасы хабарлады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы атынан департамент басшысы Серік Мұстафаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, кірістер департаментінің тарихы жайлы және 3 жылда атқарылған жұмыстар нәтижесі туралы аудит басқармасының бөлім басшысы Берік Ниеталиев таныстырып өтті.
Жиын барасында департаменттің, департаментке қарасты басқармалардың үздік қызметшілері мен ардагерлері мемлекеттік кірістерді жинау бойынша жоғарғы көрсеткіштері, тиімді кедендік және салықтық әкімшілендіру, экономикалық және қаржылық саладағы қылмыстарды анықтағаны және алдын-алғаны үшін марапатталды.
Атап айтқанда Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі төс белгісі Кеңескүл Стамбекова, Рүстем Бисенбаев, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасы Айнұр Байтурганова, Шолпан Айтхожаева, Ғалымжан Казбеков, Балауса Айымбетова, Гүлбану Смайловаларға табыс етілді.
Ал, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алғыс хатымен Данияр Айбусинов марапатталды. Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасына Ардақ Бигалиев, Нұрлан Жақыпбекұлы, Ашраф Жүсіпов, Гүлсара Темирова, Бақыткүл Орданова ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облыс әкімінің грамотасы Жалғасбек Жакипов, Роза Асқарова, Ләззат Ахметова, Талғат Піржанов, Қаржаубай Аяпов, Мұрат Жаденов, Жанат Абишеваға табысталды. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамотасына Нұрлан Сасықбаев, Мадина Есетова, Бағдат Искаков, Айбек Орынбеков, Талғат Мендибаев, Гүлнұр Балабатырова, Әділ Сырымовтар лайық деп танылды. Ал Арман Пакуадинова, Светлана Казбекова, Талғат Таженов, Гүлнұр Издыбаева Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алғыс хатын иеленді.
Біліктілік сыныбын бiр саты жоғарылатып Ғалымжан Шиланов, мерзiмiнен бұрын Әскербек Баймахановқа белгіленді.
Салтанатты жиын департамент қызметкерлерінің мерекелік концертәне ұласты.