ƏКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ
Аудан əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреевтің қолдауымен Жаңақорған кенті, Тəуелсіздік даңғылы бойынан кент жастары үшін тағы да қосымша 2 стритбол алаңы жəне балаларға арнайы демалыс орнын жасауда.
Арине, кент тұрғындарының "кент орталығының бір жақ бөлігінде стритбол алаңы бар, ал біздің мөлтек ауданға қашан құрылысы басталады" деген ауданымыздың спорт сүйер қауымының ұсынысына сəйкес Алла бұйыртса қыркүйек айында аталған ойын-сауық орны халық пайдалануына берілетін болады. Айта кетейік, аудан басшысы кент тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үш стритбол алаңын ашып берген болатын, қазіргі уақытта кент жастары күндіз-түні салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында күнделікті ойындар өткізуде.