СУИЦИД ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ЕМЕС
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде қалалық мешіт имамы К.Отызбаев, облыстық наркологиялық орталығы дәрігер-наркологі Г.Жәкебаева және психологі Э. Нұрпейісова, облыстық психоневрологиялық аурухана психологы К.Советқызының қатысуымен «Суицид тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Өрт сөндіру қызметінің психологы Қ.Садықов баяндама оқып, өз-өзіне қол жұмсауға деген әрекеттің өсу қарқыны мен негізгі түрлерін атап кетті. Тақырып бойынша бейнебаян көрсетілгеннен кейін дәрігер-нарколог Г. Жакебаева азаматтық қорғау қызметкерлеріне туыстары мен достарына мұқият болуын сұрады. Өз сөзінде ол суицидті профилактикалау міндеті тек қана дәрігер мамандардың ғана емес мемлекеттің әрбір азаматының жалпыға бірдей мақсаты екенін айта кетті.
Өз сөзінде К.Советқызы бейнебаяндағы кейіпкердің өзіне деген теріс қатынасын ерекшелей отыра, сол кездегі психологиялық күйін талқылап өтті. Сонымен қатар тәжірибесінде бір оқиға артынан бірнеше өлім болған жағдайды айтты.
Сондай-ақ, полиция мойоры Р. Шағырбай өмірінде болған аман қалу және өмір сүруге талпыныс жөніндегі оқиғасын айтып берді. Оның тәжірибесінде өз-өздеріне қол жұмсаған тұрғындармен бірнеше кездесу болған.
Келесі кезегінде имам Қ.Отызбаев өз-өзіне қол салу ислам тұрғысынан күнәһар болып табылады және ешбір жағдайда мұны істеуге болмайтынын қатысушыларға түсіндірді. Суицид – бұл өте ауыр қылмыс. Қорытындылай келе, сөздің заттылығын, ойын айтып, кез келген жағдаятта шыдамдылық танытуға шақырды.
Іс-шара аяғында психолог Э.Нұрпейісова өткізген «Басқа жағы» атты тренингі болды.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі