ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАЙСАР ҚЫЗ ШАМШЫРАҚ ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ
Ресейдің Санк-Петербург қаласында өткен әскери қызметшілер арасындағы спорттық сайыста қазақстандық команда жүлдемен оралды. Ал, жекелей сында жерлесіміз 66 597 әскери бөлімінің қызметкері Шамшырақ Сержанова үшінші орынға ие болып, ел абыройын асқақтатты. Қызылордалық қайсар қызды әріптестері мен туыстары әуежайдан зор қошеметпен күтіп алды http://kyzylordatv.kz.
Шамшырақ Сержанованың әскери қызметке келгеніне небәрі екі жыл болса да қиын да қызықты салының қыр-сырына әбден қаныққан. Бұл оның бала күнгі арманы болатын. Алдына нақты мақсат қоя білетін қайсар қыз міне жеті мемлекеттің мықтылары қатысқан спорттық ойында үздік өнер көрсетіп, жүлдемен оралды. Ал, үш тур бойынша өткен командалық сында ел құрамасы екінші орынға ие болды.
-Бұл сайыс әскери жарыс болғандықтан оңайға соққан жоқ. Спорттың ату, жүгіру түрлерінен сынға түстік. Қатысқан 21 қыздың ішінен үшінші орынға табан тіредім. Жарыстың қиындығына қарамастан намысты қолдан бермей, туымызды желбіретіп, жеңіспен оралдық, - дейді Шамшырақ.