АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов әуелі Тәуелсіздік ықшам ауданында бой көтеріп жатқан 300 орындық Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің құрылысымен танысты. Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай осыдан бір жарым ай бұрын кірпіші қаланған білім ордасының қазіргі таңда кірпіші өріліп, 2 қабаттың плитасы толығымен жабылып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде. Құрылысын мердігер мекеме «Аман Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде.
Мұнан кейін бұрынғы полиция тірек пункті болған қазіргі таңда күрделі жөндеуден өткен қалалық кітапхана мен Е.Сексенбаев көшесіндегі жақын арада пайдалануға берілетін әкімшілік ғимаратының, сонымен қатар кент орталығындағы тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы, 2-ші көтерме насос станциясының және аудандық орталық ауруханасының кәріз-сорап стансасы мен су айдау мұнарасын монтаждау жұмыстары бойынша мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстары жайлы хабарламаларын тыңдады. Аудан басшысы сала мамандарына жасалып жатқан жұмыстың сапасына мән беріп, межелі уақытта пайдалануға беру керектігін айтты.
Келесі кезекте аудан әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойынан құрылысы басталған балалардың жазғы-қысқы демалыс лагеріне аялдап, құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Промстройсервис-Е» ЖШС жұмысшыларымен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Мұнан кейін Иіркөл ауылындағы 50 орындық №12 «Самал» балабақша құрылысымен және тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы нысандарымен және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің ІІІ-Интернационал ауылы тұсынан жеке кәсіпкер Г.Рагибова тарапынан «С» санаты бойынша салынып жатқан жол бойы кешенінің құрылысымен танысты.
Жұмыс сапарын Ақтөбе ауылында аяқтаған аудан әкімі көшелерді жарықтандыру, ағымдағы жөндеу сонымен бірге ауыл орталығындағы орталық алаңды абаттандыруға байланысты жұмыстарға өз бағасын берді. Сондай ақ, жоспарланған жұмыстардың оң бағытта жүзеге асуы үшін бірқатар бөлім басшыларына өз саласына тиісті атқарылып жатқан жұмыстарды жіті назарда ұстау керектігі жөнінде тапсырма беріп, алдағы уақытта оның нәтижесі сұралатынын ескертті.