ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ
2017 жылдың тамыздың 12 күні 17 сағат 00 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің бас құтқарушылары С.Мұханов, Н.Аптықалықов және диспетчер Е.Меделханов Сырдария өзенінің жағасында кезекшілік кезінде Халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан өтетін Сырдария өзенінде орналасқан көпірдің үстінен он екі метр биіктіктен белгісіз бойжеткен өз-өзіне қол жұмсау мақсатында суға секіріп кеткен. Жасақ құтқарушылары шұғыл түрде бойжеткеннің өмірін құтқарып алғашқы дәрігерлікке дейінгі алғашы көмек көрсетті. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметкерлеріне және полиция қызметіне хабар берген. Зардап шегушімен оқиға орнында суицидке бейімделген бойжеткенге медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушысы психолог Ж.Бегманова жедел психологиялық көмек көрсетті.
Өз-өзіне қол жұмсау сипаттағы жағдай бойынша полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ