ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БАРЛЫҒЫ 55 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жыл соңына дейін 27 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланса, қалған 28 нысанның құрылысы келесі жылы жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құрылысшылар күні мерекесінде жасаған баяндамасында мәлімдеді.
- Құрылыс саласындағы ауқымды жұмыстарды алға жылжытуға, оның сапасының артуына құрылыс саласының ардагерлері де өзіндік үлестерін қосып жүр. Олардың бірқатары әлі де құрылыс саласында еңбек етіп, «Ата өнері – балаға мұра» дегендей жастарға ақылшы болып, ұлағат көрсетуде. Қатарларыңыз сиремесін, құрметті құрылыс ардагерлері,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
Елбасы тапсырмасы бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырыла бастады. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,5 млрд.теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метр 41 көпқабатты тұрғын үйлердің (1809) және 91 шақырымды құрайтын 13 инфрақұрылым жобаларының құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, жарты жылдың қорытындысымен барлық қаржыландыру көздерінен 267,7 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде жалпы ауданы 83,7 мың ш.м. құрайтын 19 көпқабатты тұрғын үй (980 пәтер) және 184,0 мың ш.м. болатын жеке тұрғын үйлер бар.
Мұнымен қоса, үстіміздегі жылдың тамыз айында электр, газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстарына рұқсат алынып, жыл аяғына дейін ауыз су және кәріз жүйесінің және 100 адамға кеңес беретін емханасы бар 200 төсектік көпсалалы аурухананың құрылысын жүргізу көзделуде, Аурухана құрылысы үшін сол жағалаудан - 4,4 га жер телімі бөлінді. Жобалау жұмыстарын үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың озат 16 құрылысшы ардагерін ҚР Инвестиция және даму министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты» және «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Шара соңы Қазақстан эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концертпен қорытындыланды.