МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
Мұнайбазалар, жағармай қоймалары, автожанармай құю стансалары сияқты қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпті материалдарды (тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар – бензин, керосин, дизель отыны) сақтау, тасымалдау, өткізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қазіргі таңда алғашғы мәселе болып табылады.
Мұнай базаларын және автожанармай құю стансаларындағы (әрі қарай – АЖҚС) өндірістік процестердің қауіпсіздігі мұнай өнімдерін қабылдаудың, сақтаудың, берудің және есепке алудың қауіпсіз технологиялық процестерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін техникалық құрылғыларды қолдану арқылы және технологиялық регламентке сәйкес қол жеткізіледі.
Оператор мұнай өнімдерін құяр алдында резервуардың және оның жабдықтарының, технологиялық құбыр желілерінің ақаусыздығын, жапқыш арматураның ауыстырып қосу құрылғысының дұрыстығын, қабылданатын мұнай өнімінің құйылатын резервуардағы өніммен сәйкестігін тексеруі қажет. Резервуардағы мұнай өнімінің деңгейі мен температурасын өлшеп, өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын, автоцистерналарды жерге қосудың дұрыстығына және оның құю құрылғысының ақаусыздығына көз жеткізуі керек. Өздігінен төгілуі арқылы немесе АЖҚС сорғысымен құю кезінде автоцистерна қозғалтқышының сөндірілгеніне көз жеткізіп, мұнай өнімінің төгілуіне жол бермеу шараларын жасауы және резервуарға цистернадан мұнай өнімін құю барысында, бұл резервуардан машиналарға жанармай құйылмауы тиіс. Егер цистерна пломбыланбаған жағдайда, цистернадан мұнай өнімін құю алдында су сезгіш таспалардың көмегімен онда судың жоқтығын тексеріп, цистернадан сынама алып, оның ішіндегі мұнай өнімінің температурасын өлшеп алу керек.
Мұнай өнімін қабылдайтын оператор автожанармай құю стансаларына автомобиль және теміржол цистерналарымен жеткізілген мұнай өнімдерін толығымен құйып алып, цистернаны тексеріп көз жеткізгені дұрыс. Қабылдау барысында резервуардағы өнім деңгейін қадағалап, резервуардың толып кетуіне және мұнай өнімінің төгілуіне жол бермеуі тиіс. Мұнай өнімдері цистернадан құю сүзгісі арқылы өздігінен немесе арын ықпалымен құйылады.
Мұнай өнімдерін автомобиль немесе теміржол цистерналарындағы құю құрылғыларының ақаулығы кезінде, теміржол цистерналарында пломбының болмауы немесе бұзылуында, тауар құжаттары мен жүк тиеу–жөнелту құжаттарының дұрыс ресімделмеуінде, мұнай өнімдерінің жеткіліксіздігінде және мұнай өнімдерінің құрамында су болған жағдайларда қабылданбайды.
Мұнай өнімдерін құбыр арқылы жеткізу барысында мұнай базасының тауарлық операторы мен АЖҚС операторы құбыр желілерімен қабылданған мұнай өнімдерінің көлемін мұнай базасы өкілінің көзінше мұнай өнімдерін айдауға дейін және одан кейін оның деңгейін, температурасын, АЖҚС резервуарындағы тауарасты судың деңгейін өлшей отырып анықтауы керек. Мұнай өнімдерін айдау аяқталғаннан кейін мұнай базасы мен АЖҚС арасындағы құбыр желісіндегі ысырманы мұнай базасының өкілі пломбылайды.
ҚР Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің мұнай-химия өнеркәсібін
және геологияны мемлекеттік қадағалау
бөлімінің бас маманы Данияр Шаханов