АЛПЫС АДАМ ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ОҚЫТУҒА ЖОЛДАНДЫ

Бағдарлама аясында 15-24 жас аралығындағы жастар колледждерде тегін кәсіби техникалық білім алатын болады. ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу мерзімі – 2,5 жыл.
Топтарды жасақтау жылына бер рет 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі. Аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі күнге техникалық және кәсіптік білім алуға 50 адам өтініш білдірді. Бұл жұмыстар кент және ауылдық округтер бойынша құрылған мобильдік топтармен әрі қарай жалғастырылуда.
Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Есепті мерзімге 20 адам тігінші, 15 аспазшы, 15 адам тракторист-машинист және 10 электромонтер мамандығы бойынша барлығы 60 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.
Сонымен қатар, компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 20 адам ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жолдануы жоспарлануда.
Кент, ауыл округтері бойынша үміткерлердің тізімдері төмендегі оқу курстары бойынша қалыптастырылып, оқу орындары нақтыланды.
Бағдарламаға қатысушыларға оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен және басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеумен қамтамасыз етіледі.