АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан ардагерлерімен кездесіп, құрмет көрсетті. Мекемелер үйінде өткен салтанатқа еңбек ардагерлері, ұзақ жылдар аудан дамуына үлес қосып, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған зейнеткерлер қатысты.
Жиынды құттықтау сөзбен ашқан аудан басшысы ардагерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымының жақсылықтың бастауында жүретініне ризашылығын білдірді.
Салтанатты басқосуда аудан әкімі Ғанибек Қазантаев атақты күрішші Ширек Сқақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлының 80 жылдық мерейтойына орай сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай ауданның экономикалық дамуына үлес қосқан 30 ардагер Алғыс хаттармен марапатталды.
Қариялар аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлына риясыз алғыстарын айтып, жұмысына жеміс тіледі.