ЖАЛАҒАШТА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ
Жалағаш кентінде «Ақтерек – Жаз – 2017» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара «Отан» композициялық көрінісінен, лагерь туының салтанатпен көтерілуінен бастау алды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, бөлім, мекеме басшылары, жастар, лагерь тынығушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
- Ауданда мектеп жасындағы оқушылардың 95% - дан астамын демалыспен қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, «Ақтерек» тынықтыру лагерінде 400-ден астам бала 5 ауысымда тынығатын болса, санаулы күндерден кейін шымылдығын ашатын ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне жыл барысында оқуда үздік, тәрбиеде озат болған 500-ден астам бүлдіршін барады. Одан бөлек, облысымыздан тыс, өзге өңірлердегі лагерьлерге де жолдамалар қарастырылған, – деді Ж. Тажмаханов.