ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Құрметті қала тұрғындары!
2017 жылдың 15 наурызынан бастап қала әкімдігі жанынан «Whatsapp» мессенджерінде «Open Kyzylorda» жобасы жұмыс істеп келеді.
Жоба мақсаты – заманға сай технологияны пайдалана отырып халық пен биліктің арасында ашық байланыс орнату.
WhatsApp мессенджері 8 702 887 11 11 нөмері арқылы жүзеге асырылады.
Қызылорда қаласының күнделікті тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді, ұсыныстарыңызды көрсетілген нөмерге жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жолдауларыңызға болады.
Қабылданған хабарламалардың «Кабылданды» сөзін жіберу арқылы назарға алынғандығы білдіріледі.
OPEN KYZYLORDA» жобасына Whatsapp месенджер арқылы жолданған әр бір хабарламаның маңыздылығы мен мәселесі бойынша категорияға бөлінеді және әрі қарай мәселені шешу механизмі іске қосылады.
Шұғыл хабарламалар: ауыз су және кәріз жүйесінің істен шығуы, жылу жүйелеріндегі ақаулар, электр желілеріндегі ақаулар мен апаттар, өрт, жол-көлік, төтенше жағдай оқиғалары, қаладағы көрнекі ақпарат құралдарының немесе жол белгілерінің, люк қақпақтарының ашықтығы, мемлекеттік рәміздердің жыртылуы т.б.,
Ақпараттық хабарламалар: жол сапасы, жолаушылар тасымалы, жолдың жабықтығы, қоқыс жәшіктерінің уақтылы тазармауы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі, азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша кеңес алу т.б.
Шұғыл хабарламаларға шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, бұл хабарламалардың орындалу нәтижесі атқарылған шаралар туралы арнайы ашылған «OPEN_KYZYLORDA» инстаграмм парақшасына және фейсбук әлеуметтік желісіндегі Open Kyzylorda ресми парақшасында жауап беріледі.
Мазмұны ұқсас немесе қайталанған хабарламалар арнайы әзірленген скриншоттар арқылы жауап қайтарылады.