ГИДРАНТТАР ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ



Алтыншы маусым күні Қызылорда облысы ТЖД мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен біріге отырып, «Өрт сөндіру гидранты» рейдін өткізді. Рейд нәтижесінде көше бойындағы гидранттың жақсы жағдайда екендігі анықталды. Алайда, арнайы қақпағы жоқ, қоқысқа толып қалған гидранттар да кездесті, кейбір өрт сөндіру гидранты тіптен асфальтталып тасталған болып шықты.
Сонымен қатар, тұрғындарға өрт сөндіру гидранттарына қоқыс қалдықтарын тастауға, лас суларды төгуге қатаң тыйым салынатынын ескерте кеткіміз келеді.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы