"МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ"
Қызылордада С.Майқанова атындағы Мəдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер арасында "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" атты облыстық байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Жалағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған "Тіл сақшылары" тобы топ жарып, жүлделі І орынды қанжығаларына байлады. Ал ІІ жəне ІІІ орындарды Шиелі, Жаңақорған аудандары жəне Қызылорда қаласының əкімдігінен құралған топтар өзара бөлісті.