СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ
7 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын күтіледі, екпінді жел болады, еліміздің солтүстігінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал, тек батыс өңірде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл. Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 23-28м/с болады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өрттің шығу қауіптілігі жоғарлайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы төмендеп, 2 градусты құрауы мүмкін.