ТЕҢІЗДІ ӨЛКЕДЕ ТҮЛІК ТЕ, ЕГІН ДЕ БАР
Арал ауданында 2017 жылы 1 сәуіріне дейінгі мәлімет бойынша 47,3 мың бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 22,3 мың бас сиыр, 102,8 мың бас қой мен ешкі, 28,5 мың бас жылқы, 24,6 мың бас түйе өсірілуде. Мал басы бойынша, есепті мерзімде ірі қараның саны 2,5 пайызға, жылқы 13 пайызға, түйе 2,9 пайызға, құс 11,9 пайызға өсті.
2016 жылы ауылшаруашылығы құрылымдарын ірілендіру мақсатында ауданда 18 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды. Октябрь ауылдық округінің 3 шаруа қожалығынан құралған «Шижаға-16» ӨК сүт өнімдерін жинау мен өткізуге 2 танкер, 1 сүт таситын арнайы автокөлік сатып алу үшін «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс жасап отыр. Ал, «Бекбауыл» ӨК елдімекендегі балық аулап отырған қожалықтар басын біріктіріп, өнімді бір жерден өңдеп, өткізуге бағытталған жобаны қаржыландыруда.
Ауданда жыл санап, егін шаруашылығына да мән беріліп келеді. Егін шаруашылығы бойынша, 263 гектар жерге егін егіліп, бау-бақша өнімдері алынды.