«БӘЙТЕРЕК» ҒЗК ЖОБАСЫН «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН САҚТАП ҚАЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде бүгін өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.
Министрдің айтуынша, 2050 жылға дейінгі «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың келешегін пысықтау туралы Қазақстан мен Ресей Президенттерінің уағдаластықтарына сәйкес, «Байқоңыр» кешені бойынша одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы әзірленді және қол қойылды, деп жазады Қазғарыш баспасөз қызметі.
Ол Байқоңыр кешенінің және қаласының инфрақұрылымының дамуын, ғарыш жобаларының іске асырылу негізінде қолда бар кешен объектілерін және бірінші кезекте, «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені бірлескен жобасын құруды қарастырады.
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, «Бәйтерек» жобасы қазіргі қолданыстағы «Зенит» ғарыш зымыран кешенімен және орта деңгейдегі перспективті ресейлік тасымалдағыш зымыранды іске асыру негізінде жоспарлануда, бұл ретте «Зенит» ҒЗК объектілерін Ресей Федерациясынан жалдан шығару және оларды Қазақстан тарапына беру 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілетін болады.
Бұл Қазақстанның ұлттық мүдделері үшін стратегиялық маңызы бар жоба, өйткені «Байқоңыр» ғарыш айлағының келешегін сақтап қалуға және коммерциялық ұшырулар Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруіне мүмкіндік береді.