ҚАЗАЛЫДА 31 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІ БАР
Қазалы ауданы бойынша құрылған 31 ауылшаруашылығы кооперативінде 245 мүше бірігіп, жұмыс жасауда. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жеке секторлардың әлеуетін арттыру мақсатында 40 адам бірігіп құрылған «Шеңгелді» кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Береке» бағдарламасы аясында 160,0 млн теңге несие алды. Қазіргі таңда кооператив мүшелері мал бордақылау үшін жеке секторлардан мал сатып алу жұмыстарымен айналысуда.
«Нұр Аль-фараби» ауыл шаруашылығы кооперативі 60 бас сауын түйеден сүт сауып өткізуде. Әрі қарай мал бордақылаумен айналысу үшін өз қаржысы есебінен қора-жайлар салуда.
«Kazaly Agro» кооперативіне 24 адам бірігіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 65,6 млн теңге несие қаражатын алды.