ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2017 жылғы 7 маусымда сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында теле-радио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізіледі.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша тексеру барысында электросиреналар қосылып, «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріледі.
Осыған байланысты үрейге, алыпқашпа әңгімеге бой алдырмай, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз.