БАЙҚОҢЫРДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САНАҒЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Байқоңырда тұратын ҚР азаматтарының санағы оларды ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізіміне енгізу мақсатында жүргізілуде деп түсіндірді Байқоңыр қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.
«2017 жылғы 3-10 сәуір аралығында еріктілер 11 444 пәтерді аралап, 32 008 азаматтың деректерін растады. 2 850 пәтер бойынша деректердің анықталмауына байланысты 9047 азамат туралы мәлімет нақтыланбады. Осы орайда еріктілерден құралған арнайы жұмыс тобы қазақстандықтар туралы деректерді жинау жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады», - деп атап өтті әкімшілік.