ЖАЛАҒАШТА ТҮЛІК САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Биылғы төртінші айдағы мәліметке сәйкес Жалағаш ауданы көлемінде барлығы 32875 бас мүйізді ірі қара, 61815 бас уақ мал, 11070 жылқы, 446 бас түйе, 7437 бас құс өсірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде түлік саны едәуір өскені байқалады.
Сондай-ақ, есепті мерзімде барлығы 720,95 тн ет, 1620,8 тн сүт, 47,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда ет 103,0 пайызға, сүт 102,4 пайызға, жұмыртқа 102,8 пайызға орындалды. Облыстан “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында осы жылы сатып алынатын мал саны жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін “Сыбаға” бағдарламасымен Бұқарбай батыр ауылдық округінен “Фарида” ШҚ “Ауыл кредиттік серіктестігі ” ЖШС-нан 7,5 млн теңге несие алып, 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 48 бас аналық, “Құлан” бағдарламасымен Жалағаш кентіндегі “Төлеген” ЖК 20 бас бие мен 2 бас асыл айғыр сатып алды.
Сонымен қатар, ауданда мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.