ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жолдағы сыбайлас жемқорлық белгілерін алдын алу мен оларды төмендету бойынша 10 қадам жобасының 5 қадамына сәйкес Қызылорда қаласында рейдтік қарау шаралары жүргізілді.
Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, жергілікті полиция қызметінің мамандары қатысты.
Жол ережелерін бұзған мемлекеттік қызметшінің лауазымы мен қызметтік жағдайын пайдаланатын кезі жиі кездеседі. Рейдке шыққандар мемқызметшінің әдеп ережелерін сақтауын, қызметтік автокөліктердің жұмыстан тыс уақытта шенеуніктің жеке жұмысына жегілмеуін қадағалады.