ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін күшейту, өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 188-V Заңының 15 - бабына сәйкес, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы 2017 жылғы 18 мамырда «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» № 92 бұйрыққа қол қойды. Осыған сәйкес, ағымдағы жылғы 22 мамырдан бастап 22 маусым аралығында облыс аумағында тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.
Тұрғын секторда өрттің алдын алу шараларын өткізуге департаменттің, Қызылорда қаласы ТЖБ мен аудандық ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, Жергілікті полиция қызметкерлері, газ шаруашылығы жұмысшылары, пәтер иелері кооперативтері және БАҚ өкілдері жұмылдырылуда.
Іс - шараларды өткізу кезінде азаматтық қорғау қызметкерлері тұрғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» нұсқаулықтар және жадынамалар таратады.