ЕЛОРДАҒА СЫР ТАРТУЫ ЖЕТТІ
Елімізде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің аясында маусым - қыркүйек айлары аралығында елордада өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу келісілген болатын. Осыған орай 3-4 маусым күні Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағында жәрмеңке ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде Астана тұрғындары мен қонақтарына Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданынан 15 автокөлікпен 30 түрлі өнім түрлері жеткізіліп сатуға ұсынылды.
Елордадағы сауда сөрелеріне Сырдан жеткен 112 тонна күріш, 2,5 тонна жылқы еті, 9 тонна сүт өнімдері , 0,7 тонна қымыз, шұбат, 0,2 тонна ара балы, 20 тонна балық, 2,5 тонна конфет, 14,5 тонна көкөніс, қияр, қызанақ, құлпынай шығарылды. Халықаралық көрме аясындағы жәрмеңкеде 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылды.