БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда қалалық әкімдігінің қолдауымен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай шеру өтті.
Шеру Рәміздер алаңынан 25 авто көлікпен бастау алып, Сұлтан Бейбарыс көшесі арқылы Жібек жолы көшесімен жүрып өтті. Одан әрі авто шерудің ізімен облыстық медицина орталығының алдынан жаяу жүргіншілер шеруі бастау алды. Олар Абай даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесі арқылы орталық алаңға табан тіреді.