ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОСПАРДАН ТЫС ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қызылорда қаласы №261 орта мектепте шартты өртті сөндіру бойынша жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.
Оқу жаттығудың мақсаты бойынша сағат 11:30 мектептің оң жақ қанатында орналасқан компютер сыныбында электрсымы қысқа түйықталып, өрт туындаған. Біраз уақыт өткен соң үшінші қабата қарқынды түтіннің бөлінуі басталып, жапсарлас үй-жайларда өрт таралу қаупі туындады.Өрт шыққан уақытта мектепте сабақ жүріп жатты. Өрт дабылы іске қосылып, оқытушылар құрамы балаларды эвакуациялауды ұйымдастырып, содан кейін мектеп жанындағы футбол алаңында барлық оқушыларға санақ жүргізілді.
Өрт орнына№2 шақыру бойынша дереу күштер мен құралдар жіберілді. Бірінші келген өрт сөндіру бөлімшесі, оқушылардың болуы мүмкін сол бөлмелерінде барлау жұмыстарын жүргізді. Содан кейін өрт сөндірушілер ошағына жең төсеп, өртті сөндіруге көшті. Шақыру бойынша үш өрт сөндіру автосатысы шақырылып, үшінші қабаттан баспалдақтар арқылы зардап шеккен бір адам құтқарылды. Алайда, аңыз бойынша барлығы шығып үлгермеді. Үшінші қабаттағы сыныптан жедел бір оқушыны құтқаруға мәжбүр болды. Қысқа мерзімде шартты өрт сөндіріліп, оқушылар өз сыныптарына оралды. Ал жоспарсыз үзіліс кезінде алынған құтқару тәжірибесі жөнінде балалар үзілісте және үйлерінде тағы талқылайды.
«Мұндай оқу-жаттығулар бізде барлық мектептерде жылына екі рет өткізіледі және балалар мен ұстаздар өз іс-әрекеттерін пысықтады. Мақсатқа қол жеткізілді, тағы одан әрі жұмыс жасау қажет», -Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б. Қосмұратов атап өтті.
Оқу-жаттығу барысында адам көп шоғырланған орындарда, өрт сөндіру кезінде жедел шұғыл әрекет ету мақсатында күштері мен құралдарының дайындығы тексерілді. Өрт тактикалық жаттығуға 16 техника және 66 қызметкер, оның ішінде: Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен 52 қызметкер және 11 техника, Апаттық медицина орталығы 3 қызметкер және 1 техника, жергілікті полиция 2 қызметкер 1 техника, жедел жәрдем 3 қызметкер және 1 техника, электр қызметі 3 қызметкер және 1 техника, КазТрансГазАймақ 3 қызметкер және 1 техника қатысты.