АЙМАҚТА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Еуропалық Одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады. Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.
Облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарлағандай, туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуроодақ сарапшыларымен қызметкерлердің әлеуетін арттыруға арналған бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.
Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегия әзірлеу.
Жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова мен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтерге туризм индустриясының өкілдері, атап айтсақ, қала және аудан әкімдіктерінің туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, гид – экскурсоводтар, туристік фирмалар мен туристік салаға қызығушылық танытқан өзге де мекемелердің өкілдері қатысты.
Бұдан бөлек, жоба сарапшылары Соня Энилова мен Қалдыгүл Қанапина Басқармамен бірлесе отырып, Қызылорда облысында туризмді дамыту стратегиясы және фасилитаторларды дайындау мәселелері бойынша семинар-тренингін өткізді.
Қазіргі таңда аймақта туризмді дамыту стратегиясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, жақын арада облыстың туристік саласын дамыту жөнінде тұрақты жұмыс тобы құрылу жоспарланып отыр, оның құрамында мемлекетті және жеке сектор өкілдері болады.
Былтыр 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана қаласында «Астана Leisure-2016» 13-і Халықаралық туристік көрмесі өткізілді.
Көрмеде облыстың туристік әлеуеті көрсетіліп, басқа өңірлер және туроператорлармен іскерлік қатынастар орнатылды.