ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
5 маусымда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері өтеді, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, жел күшейеді. Тек елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жауын жауады.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.