ҚАЙРАТ НҰРТАС ПЕН ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ ТОЙҒА ОҚҚАҒАРМЕН КЕЛГЕН

Портал бұл туралы той қонақтарының бірі айтып бергенін жазады.
Айтуынша, қос әншінің оққағарлары олар ән айтып болған соң, ешкімді маңына жолатпай алып кеткен.
Осы оқиғаға оқырмандар әртүрлі пікір білдірген. Бірі «Халықтың арқасында танылып, енді халықтан қорғануға көшкені несі?» деп таңғалса, енді бірі оққағар бұларға емес, қазақты әлемге танытып жүрген Димашқа көбірек керек екендігін айтады.