ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ
ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сай азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары білім алуға құқығы бар.
Мемлекет жыл сайын ЖОО-да оқып жатқан студенттерге немесе әрбір үшінші оқушыға 49 мыңнан аса грант береді.
Биыл грантты қосымша тағы 20 мың студент алады.
Оқу кезеңінде ЖОО студенттеріне 21 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия беріледі, магистранттар 54 мың теңге алады.
Барлық жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
20 жыл бойы «Болашақ» халықаралық стипендиясы қолданылып келуде, ол бойынша әлемнің ең үздік университеттерінде оқу үшін 12 мыңнан аса стипендия тағайындалды.
Жалпы алғанда мемлекет білім беруге жыл сайын 400 млрд. теңге, соның ішінде жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімі бар мамандарды қайта даярлауға 140 млрд. теңге бөледі.
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫ
Мектептердегі тамақ тегін негізде және ата-аналар есебінен төленеді.
Жергілікті бюджеттерден тегін тамақпен:
- аз қамтамасыздандырылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- ТЖ нәтижесінде жедел жәрдем талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
- ауыр өмірлік жағдайға душар болған балалар қамтамасыз етіледі.
Бастауыш сыныптардың 442263, соның ішінде 280000 әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақтандырылады.
Астана қаласында, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бастауыш сыныптардың барлық оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыздандырылған.
СТУДЕНТТЕРДІ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
Бүгінге жатақханалармен 68 мыңнан (33,5%) астам басқа қалалардан келген студенттер немесе әрбір үшінші оқушы қамтамасыз етілген.
«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде үш жылдың ішінде 75 мың орынға саналған жатақханалар салынады, бұнымен барлық қажеттілікті жабу жоспарлануда. Осыған бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінеді (2019 ж. - 1 млрд.; 2020 ж. - 4 млрд.; 2021 ж. - 10 млрд.).
ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫН ТӨЛЕУ
Мектепте дейінгі ұйымдарда 90 мыңнан астам оқытушы жұмыс істейді (63,6% - жоғары педагогикалық, 34,8% - техникалық, 1,6 % - жалпы орта білім).
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиелеушісінің айлық еңбекақысының мөлшері өтіліне байланысты 76 000 теңгеге дейін.
А.ж. оқытушыларға еңбекақысынан 30% үстеме ақы төленеді, ал а.ж. 1 қыркүйектен педагогикалық шеберлігі үшін оларға еңбекақыны тағы 50% өсіреді.