СЫР ЕЛІ – ДОСТЫҚ БЕСІГІ
Қазақтың ғажайып ақыны Мұқағалидың «Не деген ғажап еді биылғы май, қуаныш болса болсын биылғыдай» деп келетін өлеңі бар еді. Мұқаңның осы өлеңі биылғы мамырда тағы бір еске түсті.
Достық бесігі атанған Сыр елінде 1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Болашағы біртұтас ұлт» атты форум өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық ассамблея, этномәдени бірлестік мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Қазақстан бүгінде берекелі тірлікпен талай белді асты. Достық пен бірліктің арқасында еліміз жылдан жылға өркендеп, гүлденуде
Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, сан ұлттың саялы бесігі болған Сыр елінде бірліктің арқасында жүзеге асқан жетістіктерге тоқталды.
Алғаусыз ел қуанышын фототілшіміз Нұрболат Нұржаубай былайша таспалапты.