ТУҒАН ЖЕР
Туған жер, қара нарым бүгілмейтін,
Сенде бір қасиет бар білінбейтін.
Жатасың ауырлықты артып алып,
Анадай баласына күлімдейтін.
Келешектен мол үміт күтемін де,
Көңіл қоям береке – құт егінге.
Гүлдей жайнап, сүйікті көрінеді,
Жиде, жыңғыл, бірге өскен тікенің де.
Жабырқама, көңілім, жайланайын,
Ұнатпаймын өзгенің дау-дамайын.
Сүйсінем келбетіңе көз тоймайтын,
Туған жер, түтініңнен айналайын.
Дәулетбек БАЙДРАХМАНҰЛЫ.
Сенде бір қасиет бар білінбейтін.
Жатасың ауырлықты артып алып,
Анадай баласына күлімдейтін.
Келешектен мол үміт күтемін де,
Көңіл қоям береке – құт егінге.
Гүлдей жайнап, сүйікті көрінеді,
Жиде, жыңғыл, бірге өскен тікенің де.
Жабырқама, көңілім, жайланайын,
Ұнатпаймын өзгенің дау-дамайын.
Сүйсінем келбетіңе көз тоймайтын,
Туған жер, түтініңнен айналайын.
Дәулетбек БАЙДРАХМАНҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ.