ТОРАҢҒЫЛ – ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМЫ
Тораңғыл еліміздің шөлді өңірінде ерте замандардан өсіп келе жатқан қасиетті де киелі ағаштың бірі саналады. Ол көбіне құрғақ далалы аймақтардың тақырлы, тұзды борпылдақ сортаңды, құмдауытты шөлейтті, шөлді алқаптарындағы өзен аңғарларында, бұйратты құм жоталарының арасындағы ойпаңдау жерлерде өсетін бірден-бір биік діңгекті, жапырағы мол ағаш.
Сырдағы шөлейтті, шөлді өңірлерден бастап Балқаш, Алакөл ойпаттарындағы ескі өзен аңғарларынан екі-үш ғасыр өңін бермейтін осы желекті көруге болады. Қазақ халқы тораңғыл ағашын ежелден-ақ "шөл даланың падишасы” деп ерекше қастерлеген, оны отын ретінде отқа жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге және тораңғыл тоғайына мал жаюға болмайды деп есептейді. Өйткені тораңғыл ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртына қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан да, ағаштың қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы деп, оны кескен адамды тораңғының киесі ұрады деген сөздермен тыйым салған. Шөл даланың көркі болып саналатын тораңғылды бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғауды үнемі ұрпақтарына өсиет етіп қалдыруының танымдық та, тәрбиелік мәні зор.
Тораңғыл ағашының қасиетін қолөнер шеберлері жақсы біледі. Оның қурап қалған бұтағынан қолөнер шеберлері әр түрлі бұйымдар жасайды. Кей жерлерде жеке дара тораңғы ағашы өсетін алқаптар "әулиелі жерлер” деп аталады. Мысалы, "Бес тораңғыл әулие”, "Үштораңғыл”, "Желтораңғыл”, "Әулие тораңғыл”, ”Қара тораңғыл” сияқты жер атаулары соның айғағы деп айтуға болады.
Ол көптеген өсімдіктер өсе бермейтін өңірлерде еркін өсе береді, яғни табиғаттың кез келген қаталдығына төзімді ағаш. Тораңғылды қолдан өсіруге болады. Ол онша күтімді қажет етпейді. Маман ғалымдардың пікірі бойынша, әр түп тораңғыл ағашы жыл сайын орта есеппен 1 тоннадан астам шаң-тозаңды сіңіріп, айналасына 1,5 мың литр оттегін бөледі.
Суретті түсірген Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ

Комментарии 1