«АТАМЕКЕН» ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТЫҢ СТАРТАП ЖОБАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ
Қызылордада Өңірлік инвестициялық орталық арқылы «Атамекен» ҰКП-мен бөлінген 300 млн.теңгенің 48 млн.255 мың теңгесіне 8 жоба қаржыландырылып үлгерді.
Жобалардың бағыты әр түрлі: жылыжай ашу, наубайхана ашу, еттен жасалатын жартылай фабрикаттар әзірлейтін цех ашу, бал ара шаруашылығын дамыту, күріштің жаңа сортын енгізу т.б. Алайда жобаны жүзеге асырушы кәсіпкерлерге ортақ жайт – барлығы да ауылдық елді мекендердікі, яғни «Микробизнес Қызылорда» жобасы ауыл тұрғындарының жобаларын қаржыландыруға бағытталған.
Қаржыландырылған жобалардың бірі – облысқа қарасты Шиелі ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер Саиднасым Сұлтанның бал арасын өсіру шаруашылығына арналған жобасы.
2015 жылы оқу бітірген Саиднасым әкесіне көмек көрсетіп бал шаруашылығымен айналыса бастайды. Істің қыр-сырын үйренгеннен кейін қызығушылығын кәсіпке айналдыруды ойластырады. Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы жас кәсіпкерге «Микробизнес Қызылорда» жобасына қатысуға кеңес беріп, құжаттарын әзірлеуге көмек көрсетеді.
«Көңіл қуантатын жайт – қазір елімізде өз ісін бастаймын деген мен сияқты жастарға жан-жақты қолдау бар. Оны міне, өзім көріп отырмын. Әкем екеуміздің бастамамызды Қамқоршылық кеңес қолдап, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталық арқылы жақында 2 млн.125 мың теңге тұратын жобамыз қаржыландырылды. Біздің жобамыз маусымдық болады. Жылына 3 рет 1 тоннаға дейін өнім жинаймыз деген жоспарымыз бар. Алып отырған несиеміз біз үшін барлық жағынан да тиімді: 7 пайызбен 5 жылға дейін. Ең бастысы, алғашқы қайтарым 6 айдан кейін басталады. Шағын, отбасылық кәсіппен айналысуға мүмкіндік берген Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысым шексіз», - дейді Саиднасым Сұлтан.
Айта кету керек, ағымдағы жылы «Атамекен» ҰКП және облыс әкімдігі біріге отырып, «Қызылорда шағын бизнесі» жобасы аясында ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға 660 миллион теңге қаржы бөлген болатын.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі