ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ КАРТАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Қызылорда облысында өткен VII «Байқоңыр инвест» Инвестициялық форумының пленарлық отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленген Өңірлерді дамыту картасын таныстырды.
Форумда Төлеміс Шотанов қазір еліміз үшін сырттан инвесторлар тарту аса маңызды екендігін айта отырып, инвесторлар үшін Қазақстанның, оның ішінде өңірлердің инвестициялық тартымдылығы туралы ақпаратпен қамту бағытында «Атамекен» ҰКП тарапынан ауқымды жұмыстар жасалып жатқандығын жеткізді.
Нақтырақ айтқанда, 2015 жылы «Атамекен» ҰКП әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, кәсіпкерлік саласына қатысты арнайы карта әзірленді.
Карта әр өңірдің әлеуеті, инфрақұрылымына қолжетімділігі, шикізат қоры, маманданған саласы туралы нақты ақпаратпен қамтуды көздейді.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Қызылордадағы форумға келген инвесторларға Картаны таныстыру барысында: «Бұл Карта әлемнің кез келген елінің инвесторлары үшін қолжетімді бола алады. Карта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әзірленген. Қазір енді қытай тіліне аударылып жатыр. Карта – Қазақстанның барлық облыстарының, оның ішінде аудандарының іскерлік тартымдылығы туралы ақпаратпен толық қамтылғандығымен құнды. Инвестор болғысы келген кез келген адам Картадан халықтың саны, сұранысынан бастап, сол өңірдің кәсіпкерлеріне дейін де ақпарат ала алады. Себебі Картада кәсіпкерлік субъектілерінің реестрі де қалыптастырылған», - деді.
Айта кету керек, бүгінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы тарапынан аталмыш Картаға жобаларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қазірдің өзінде Қызылордадан 8 бастамашыл жобаны енгізу шаралары басталып кеткендігін жеткізді. «Негізі біздің облысымыз бойынша Картаға 15 жоба енгізуді жоспарлаудамыз. Қазір соның 8-і бойынша жұмыстар басталып кетті. Басымдық өнімінің ерекшелігі бар, бәсекелестері туралы толық талдау жасалған, өнімді өткізу нарығы анықталған, ең бастысы кәсіпкер үшін де мемлекет үшін де экономикалық тиімділігі жоғары жобаларға беріліп отыр. Жақын күндері Картаға кальциленген сода, шыны-пластикалық құбырлар, жел-күннен электр энергиясын өндіретін электростанция, өсімдік майы сынды және өзге де жобалар туралы ақпараттарды Картадан көре аласыздар. Бұл жобалар аясында өндірілетін өнімдер экспортқа шығарылмақ, себебі жақын елдерде аталмыш өнімдер сұранысқа ие», - дейді Палата директоры.
Айта кету керек, Өңірлерді дамыту картасы туралы толық ақпарат алғысы келген әр азамат үшін арнайы www.businessmap.kz сайты жұмыс жасайтындығын назарларыңызға саламыз.
Мұнан өзге, Қызылордада өткен Форум барысында Төлеміс Шотанов «Атамекен» ҰКП мен Қызылорда облысы әкімдігінің бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Микробизнес Қызылорда» жобасына ерекше тоқталып өтті. Ол «Атамекеннің» Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағытталған бастамасында Сыр өңірінің әкімі Қырымбек Көшербаевтың дер кезінде қолдауының нәтижесінде бүгінде өңір жобаны сәтті жүзеге асырып жатқан көшбасшы аймақ екендігін жеткізді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі