ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР РЕСПУЛИКАЛЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ІІ КОНГРЕСІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы төрағасы хатшылығының жетекшісі, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова сырбойылық кәсіпкер қыз-келіншектермен кездесу барысында нәзікжандыларды 1 маусымда Астана қаласында өтетін Іскер әйелдер кеңесінің ІІ конгресіне шақырды.
Кеңес төрайымы кездесу барысында отбасымен бірге қоғам жүгін де қайыспай көтеріп, соның ішінде кәсіпкерлік саласын өркендетуге үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алғысын білдіре отырып, Қызылордада кеңес жұмысы жақсы жолға қойылғандығын, әсіресе, негізгі басымдықты ауылдық елді мекен қыз-келіншектерінің біліктілігін арттыруға берілгендігін жеткізді.
Мұнан өзге, Ләззат Рамазанова қызылордалық іскер әйелдерді «Атамекен» ҰКП мен облыс әкімдігі бірлесе жүзеге асырып жатқан «Микробизнес Қызылорда» жобасына белсенді қатысуға шақырды.
Айта кету керек, негізгі операторы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы болып табылатын аталмыш жобаға өңір тұрғындары, соның ішінде әйел кәсіпкерлер де белсенді қатысуда. Өткен жылы Өңірлік инвестициялық орталығымен қаржыландырылған жалпы құны 342 млн.теңгені құрайтын 56 жобаның 17-сі қыз-келіншектердікі.
Ләззат Рамазанова аймақтағы кеңес бірінші кезекте қыз-келіншектердің кәсіпкерлік саласы бойынша біліктілігін жетілдіруге күш салуымен ерекше деп оң бағасын берді.
Ерекше тоқталған жөн, 2 жылдан бері Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Алматы Менеджмент Университетімен бірге әріптестік негізде бірге жұмыс жасап келеді. нәтижесінде Университеттің білікті мамандары айына бір рет Қызылордада тегін оқыту курстарын өткізуде. Бұл мүмкіндікті сыр бойылық кәсіпкер қыз-келіншектер де кеңінен пайдалануда.
Мұнан өзге облыстағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова мен кеңес мүшесі Айжан Шегенова ісін енді бастаушы қыз-келіншектерге апта сайын 2 сағаттық тегін шеберлік дәрістерін өткізуде. Аталмыш дәрістерде бизнестің алғашқы әліппесі: істі қалай бастау керек, қаржыландыру көздерін алу тетіктері, бизнес-жоспарларды әзірлеу ерекшеліктері, маркетинг жоспар жасау барысы жөнінде құнды ақпараттар береді.
Іскер әйелдер кеңесі қыз-келіншектердің біліктілігін жетілдірумен бірге, олардың өміршең жобаларын алып, гранттарға да құжаттарын әзірлеп береді. Мәселен, бүгінгі күнге дейін «Даму» Қорының гранттарына қатысу үшін 7 жоба дайын.
Кеңес жұмысының және бір нәтижесі ретінде өткізілген біліктілік курстарына қатысқан 4 қыз-келіншек бүгінде Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің конкурсын жеңіп алып тегін біліктіліктерін жетілдіруде, одан әрі Германия қаласындағы курстарға қатысуға мүмкіндік алмақ.
Кеңес отырысында ауданнан келген кәсіпкер қыз-келіншектер өзекті мәселелерін ортаға салып, шешу жолдарын бірге талқылады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Комментарии 1