ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ: «ҰЗАҚ МЕРЗІМДІК КЕЛІСІМШАРТТАР ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ»
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев қызылордалық кәсіпкерлермен кездесуде жергілікті қамту және сатып алулар мәселелерін талқылады.
ҰКП басшысы және облыс әкімі қатысқан Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында өңірдің бизнес-қоғамдастығының проблемалық мәселелері талқыланды, оның ішінде – сатып алулар, қаржылық қолжетімділік және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік те бар.
Тимур Құлыбаев атап өткендей, «қазір экономика үшін қиын кезең». Қызылорда өңірі де мұнай-газ секторының белсенділігіне тәуелді болып отыр. Осыған орай, ҰКП басшысының айтуынша, «Атамекен» осы салаға қолдау көрсететін болады.
«Қазіргі жағдайларда кәсіпкерлердің алдына жаңа міндеттер қою қажет. Біз республиканың барлық өңірлеріндегі бизнес-қоғамдастықтармен кері байланысты үнемі қолдап келеміз, және де, өтініштерді, ұсыныстарды, ескертпелерді ескере отырып, өзіміз үшін 2016 жылғы негізгі бағыттарды айқындап алдық. Біріншісі – сатып алулар және жергілікті қамту жүйесін дамыту. Мұның мынадай тұстары бар. Биылғы жылы дағдарыстың салдарынан шығындар едәуір ауырлай түсті, соған байланысты бюджеттер қысқартылды. Бірақ, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында біз сатып алулар жүйесінің ашықтығын талап ететін боламыз. Дәл осындай көзқарасты біз бүгінгі күні сатып алуларды барынша үлкен көлемде жүргізіп отырған «Самұрық-Қазына» қорына қатысты да ұстанамыз. Өткен жылдың желтоқсан айында осы қормен бизнесті қолдау және дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасастық. Осы аптада ҰКП «Самұрық-Қазына» қорының 8 еншілес кәсіпорнымен келісімдерге қол қояды, олардың үлесіне квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алулардың 93%-ы тиесілі. Және де ұлттық компанияның өңір аумағында орналасқан барлық еншілес кәсіпорындарына да ҰКП мониторинг жасап отырады. Яғни, біз бақылаушы ретінде қатысу құқығына иеміз және отандық тауар өндірушілерге ұлттық компанияның сатып алуларына қатысуларына көмектесе аламыз. ҰКП осы бағытта жұмыс жүргізіп отырған 4 мыңнан астам отандық тауар өндірушілерді анықтады», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Ол, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар және ұлттық компаниялар бойынша да «Атамекен» негізгі сатып алынатын тауарлардың тізімін құрастырғанын айтты, бұл 6-7 мыңға жуық позиция және олардың өндірісін Қазақстанда одан әрі шоғырландыру үшін мұқият пысықтау қажет.
«Біз мынадай мәселелерге назар аударуға ниет танытып отырмыз. Біріншіден, отандық тауар өндірушілерге сатып алуларға қатысу жағынан көмектесу, ал, екіншіден, ұзақ мерзімдік келісімшарттар жүйесі арқылы кәсіпорындарға өз өндірісін жаңғыртуына мүмкіндік беру. Жалпы алғанда, міндет – мемлекеттік сатып алулар, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, ұлттық компаниялардың сатып алулары жүйесі арқылы біздің кәсіпорындарға жаңғырту жүргізу үшін ұзақ мерзімдік келісімшарттар алуына, бәсекеге қабілетті болуына және өз өнімін Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сатуына мүмкіндік беру», – деп түйіндеді ҰКП Төралқасының басшысы Тимур Құлыбаев.