КӘСІПКЕРДІҢ 881000 ТЕҢГЕСІ ӨЗІНДЕ ҚАЛДЫ
Қызылордалық «Ернұр-Дин» жеке балабақшасы 2013 жылдан бері Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде жұмыс жасайды. Кенттің 40-қа жуық баласы балабақшада мектепке дейінгі тәрбиеден өтуде. Бұл ата-аналар үшін баласын бақшаға беріп, жұмыс жасауына мүмкіндік берсе, балабақша басшысы үшін кәсіптің түрі. Дегенмен, құрылғанына бірнеше жыл ғана болған жас кәсіпкерлік нысаны қиындыққа тап болып, көмек көрсетуді сұрап Кәсіпкерлер палатасына келген болатын, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Кәсіпкер өз қызметі барысында мынадай қиындыққа тап болыпты. Балабақшаға 2015 жылы Қызылорда облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына қатысты тексеру жүргізеді.
Нәтижесінде Инспекция балабақша мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаржының 2165500 теңгесін мақсатсыз пайдаланды деп анықтап, Сексеуіл кенті әкімдігіне аталмыш қаржыны бюджетке қайтару жөнінде ұсыныс береді. Өз кезегінде Сексеуіл кенті әкімдігі қаржыны бюджетке қайтаруды өндіру мақсатында Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінеді.
Сотта кәсіпкердің заңды мүддесін қорғаған Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының заңгері Зухра Амирова мәселені мұқият зерттей келе, инспекция тарапынан бюджетке қайтарылуы тиіс деген қаржының 881700 теңгесіне қатысты жайтты негізсіз деп тапты.
Осы ретте, Палата сарапшысы Зухра Амированың келтірген негіздері сотта ескеріліп, нәтижесінде кәсіпкер 2165500 теңгенің орнына 1283800 мың теңге төлейтін болды.