БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСЕДІ
2016 жылғы 28 сәуірде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов аймақтағы кәсіпкерлердің маңызды мәселелерін талқылау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келеді.
Жұмыс күнінің бірінші жартысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов облыс басшысы және прокурорымен кездесетін болады.
Мұнан кейін өңір кәсіпкерлерімен кездесу жоспарланған. Кездесуде талқыланатын мәселелер: жер учаскелерін беру және олардың пайдалану мақсатын өзгерту, қоғамдық көлік мәселесіне қатысты тасымалдаушы компаниялардың шығындарын субсидиялау, жарнама нысандарына салынатын базалық ставканың көтерілуі т.б.
Сондай-ақ, «Іскер климат» рейтингіндегі облыстың көрсеткіші, аймақтағы көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлық мәселесі де талқыланбақ. Кездесуге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен облыс басшылығы қатысатын болады.
Өткізілетін уақыты және орны: 2016 жылғы 28 сәуір, сағат 15.00. Қызылорда қаласы, Әйтеке би к-сі 28, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залы.
Міндетті түрде 2016 жылғы 27 сәуір сағат 19.00-ге дейін аккредитациядан өтулеріңіз сұралады.
Туындаған сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Балдырған Мәмен: 8(7242) 400 874, ішкі 4306, 8 775 405 89 35, b.mamen@palata.kz
«Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: 8 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz