ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ АЗАЙТУДА БІРГЕ ЖҰМЫС ЖАСАЛАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыстық Әділет департаменті аймақта кәсіпкерлікті дамыту, саланың дамуында әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдап, әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қойған Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов пен департамент басшысының м.а. Тастыбай Лесеров бұл меморандумнан, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз етеді және де кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдардың, Халыққа қызмет көрсету Орталығының өзара-іс қимылы барысында кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтап, оларды шешу жөнінде кешендік ұсыныстарды енгізуге мүмкіндік береді деп күтілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, меморандумда авторлық және сабақтас құқықтар, өндірістік меншік мәселелері бойынша кәсіпкерлерге құқықтық көмек жәнеде заң қызметін көрсету, мүгедек кәсіпкерлерге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың үйлеріне шығып құқықтық көмек көрсету көзделген.
Шара барысында, қызылордалық кәсіпкерлер Сейтқали Алшынбаев пен Ерлан Раимов құжаттың кәсіпкерлер үшін берері мол екенін айтып, ризашылықтарын жеткізді
Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен облыс көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнестегі әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында осы уақытқа дейін Қызылорда облысының прокуратурасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен, Мемлекеттік кірістер органдарымен өзара әріптестік туралы Келісім жасалды.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен шығарылатын нормативтік-құқықтық актілердің жобасына сараптама жасап, қорытынды береді. Мәселен, Кәсіпкерлер палатасы құрылғалы 207 нормативтік-құқықтық акті жобасы қаралып, 61-і бойынша өзгерістер енгізу туралы ұсыныс берілді.
Нормативтік-құқықтық құжаттардың жобасын қарау барысында кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі келтіретін 53 факті анықталды. Аталмыш жайтқа қатысты жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсыныстар беріліп, бірлесе шешілуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі